«Адал азамат - адал жеңіс» республикалық марафоны

«Адал азамат - адал жеңіс» республикалық марафоны
фото: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Заңдылық пен тәртіп, адалдық және белсенді азаматтық ұстаным қағидаттарын ілгерілету шеңберінде Қонаев қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Адал азамат - адал жеңіс» республикалық марафоны өтеді, деп хабарлайды "САпалы Қазақстан" порталы.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жарқын спорттық шараға айналмақ.

Қатысушылар 5,5 шақырым қашықтықты бағындырады. Физикалық даярлық деңгейіне қарамастан 18 жастан асқан кез келген адам қатыса алады. Марафонға қатысу тегін.

Марафонға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, жастар қозғалысының өкілдері, студенттер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары белсенді қатысады деп күтілуде.

 Өтетін күні: 17.05.2025 жыл

Өтетін уақыты: қатысушыларды тіркеу - 08:00, басталуы - 10:00

Басталу мен аяқталу орны: Алматы облысы, Қонаев қ., орталық алаң

 

Барлық сұрақтар бойынша: +7 747 557 89 97