47 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

47 боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты
фото: pexels.com

Қазақстаннан47 боксшы финалға шықты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Бокстан Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының барлық финалистері анықталды. 

22 жасқа дейінгі санатта Қазақстаннан барған 25 боксшының 23-і ақтық сынға жолдама алды. Сондай-ақ 19 жасқа дейіінгі 24 былғары қолғап жебері жартылай финалдан сүрінбей өтті. 

Жартылай финалда қазақ боксшыларының көбі қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Мәселен, 60 келі салмақта Нұрислам Қалдыбаев жергілікті боксшыны бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтса, 75 келіде Аман Қонысбеков вьетнамдық қарсыласын екінші раундта тоқтатты. 51, 57, 67 және 71 келі салмақ дәрежелерінде де қазақстандықтар 5:0 есебімен жеңіске жетіп, сенімді өнер көрсетті. 

Бір қызығы, финалдағы басты бәсекелестеріміз Қырғызстан мен Тәжікстан құрамалары болады. Ал жарысқа шағын ғана құраммен келген Өзбекстан тек бір финалистпен шектелді.