
фото: sn.kz
Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды.
Бюджеттен қанша қаржы бөлінген?
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 1 триллион 44,3 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 337,6 миллиард теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 706,7 миллиард теңге бағытталған.
Елімізде қанша зейнеткер бар?
2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны - 2 миллион 465 мың адам.
"2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақының жиынтық орташа мөлшері - 143 622 теңге. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 963 теңге, базалық зейнетақы – 47 659 теңге", – делінген хабарламада.
https://malim.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через