Қандай жағдайда медициналық қызметкерді үйге шақыруға болады

Қандай жағдайда медициналық қызметкерді үйге шақыруға болады
фото: pixabay.com

Бес жасқа дейінгі балаларға, жүкті және босанған әйелдерге денсаулығы сыр берген жағдайда медициналық қызметкерлер үйге келіп қызмет көрсетуге міндетті, деп хаарлады  kaz.inform.kz.

Медициналық көмекті үй жағдайында алуға тағы кімдер құқылы? Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында айтып берді. 

Жасы 65-тен асқандар да жүріс-тұрысы қиындаған жағдайда маманды үйге шақыра алады.

Сондай-ақ учаскелік медбике немесе фельдшер: 

— шақыру кезінде сырқаттың дене температурасы 38°C болса;
— жағдайының қатты нашарлауынсыз қан қысымының жоғарылауында;
— медициналық көмекті және үйде консультацияны қажет ететін жай-күйлер, аурулар, жарақаттар (есін жоғалтпай, қан кету белгілері жоқ, жай-күйінің кенеттен нашарлауы болмағанда) үйге келіп, қызмет көрсетеді.

Ал учаскелік дәрігерді үйге:

— шақыруды қабылдау кезінде емхана тіркеушісі, учаскелік медбике немесе үйде дәрігерлік қарауды талап ететін шақыруға қызмет көрсеткен фельдшер бағалаған жағдайда;
— вакцинациядан кейінгі жағдай нашарлағанда шақыруға болады.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.