Қала құрылысына бірыңғай сараптама жүргізіледі

Қала құрылысына бірыңғай сараптама жүргізіледі
фото: https://pixabay.com/ru/

       Елімізде құрылыс саласына бірыңғай сараптама жүргізіледі.

       Бұл шара қалаларда құрылысты тығыз салуға жол бермейді. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Үкімет отырысында жаңа механизм қала құрылысын жоспарлау кезеңінде құрылыс нормаларын сақтауға көмектесетінін жеткізді. Сонда бекітілген бас жоспардан ауықту болмайды. «Қала құрылысы сараптамасынан өткеннен кейін жоба кадастр жүйесіне түседі, осылайша жоспарлаудың ашықтығы қамтамасыз етіледі», - деді ол. Сонымен қатар саланы дамыту мақсатында былтыр 89 қалада бастапқы-рұқсат құжаттарын беру, эскиздік жобаларды келісу, техникалық шарттарды беру бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

       https://24.kz/kz