
фото: "Алтын қалам" әдеби байқауы
Елімізде ең үздік 100 кітап анықталады. Яғни төл әдебиетіміздегі 100 танымал кітапты іріктеп алуға арналған жалпыұлттық сауалнама жүргізіледі. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұртшылықты қызықтыру мақсатында жоба серіктестері ынталандыру сыйлықтарын ұсынады. Сауалнама 3 айға созылып, нәтижесі 10 тамыз – «Абай күні» қарсаңында жарияланады.
Қазақстандықтар eGov.kz порталы арқылы жазушының аты-жөні мен өзі ұнататын шығармасын жазып, дауыс бере алады. Одан бөлек еліміздің барлық қаласында дауыс беруге арналған QR-код бейнеленген баннерлер ілінеді. Сауалнамаға қатысушылардың 10 кітапқа дейін таңдау жасауға мүмкіндігі бар. Іріктелген «100 кітап» - ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға және қазақ әдебиетінің рөлін күшейтуге септігін тигізеді.
Біз Абайдан бастап 100 кітап шығаратын болсақ, оның ішінде жастар да болуы мүмкін. Ешкім білмейтін авторлар да болуы мүмкін. Сондықтан бұл өте жақсы бастама және 3 айдың ішінде осының бәрі іріктеліп шықса, 100 авторды таңдап алсақ, онда қазақ біраз жерге жетті деген сөз, дейді Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через