Екібастұзда электр станциясын салу үшін 3 триллион теңге қажет

Екібастұзда электр станциясын салу үшін 3 триллион теңге қажет
фото: "Самрук-Энерго" АҚ баспасөз қызметі

Энергетика министрлігі жаңа электр станциясының құрылысына тендер жариялады

Қазақстанның энергетика министрлігі Екібастұзда ГРЭС құрылысына тендер жариялады.

Құжатта болашақ жобаның құны – 3 триллион деп көрсетілген. Өндірістік қуаты 2,64 гигаватт, ал көмірдің меншікті шығыны 280 г/кВтсағ болады.

Құрылыс мерзімі - 2025-2032 жылдар, тендерге өтінімдер биылғы жылдың 12 мамырына дейін қабылданады. Инвестицияны қайтару мерзімі – 15 жыл.

Құжаттарға сәйкес, тендер жеңімпазы нысанды жобалауға және салуға, сондай-ақ оны қаржыландыру мен пайдалануға міндетті болады.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа жоба энергетиканың дамуына елеулі үлес қосады.

ҚазАқпарат