
фото: USA Today
Доминикан астанасы Санто-Домингодағы түнгі клубта шатыр опырылғаннан қаза тапқандар саны артып келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, 98 адам мерт болды. Олардың арасында белгілі өнер қайраткерлері, спортшылар мен саясаткерлер бар.
Қайғылы оқиға меренге әншісі Рубби Перес пен оның оркестрі келген кезде болды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Jet Set клубында мыңға жуық адам болған. Алдымен ілулі шамдар кенет құлай бастады, ал сәлден кейін бүкіл төбе адамдардың үстіне құлады.
Үйінді астынан 160 адам шығарылды. Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Алғашқылардың бірі болып Монте-Кристи провинциясының губернаторы Нельси Круз табылды. Ол үйінді астында жатқанда ел президентіне апат туралы хабарлады. Әйел кейін ауруханада көз жұмды.
Қаза тапқандар арасында бейсбол лигасының ойыншылары, атақты спортшы Октавио Дотель және музыкант Рубби Перес бар.
Құтқарушылар үйінділерді шығарып, адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр. Бірақ соңғы сағаттарда тірі қалғандар табылмады. Апаттың себебі әлі белгісіз. Елде үш күндік қаралы күн жарияланды.
https://stan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через