
фото: https://www.istockphoto.com/
Туризм – экономиканы ілгерлететін саланың бірі. Қазір көптеген елдер сыртқы және ішкі туризмнің дамуына айрықша көңіл бөледі.
Сондай-ақ заманауи технологияларды қолдану арқылы туристерді тартатын елдер баршылық. Бірақ сандық технологияның мүмкіндіктерін пайдалана алмай жатқан мемлекеттер де бар.
Индонезияның Бали аралы ең танымал туристік бағыт саналады. Алайда, мұнда цифрландыруды енгізу жағы ақсап тұр. Курортты аймақта интернет жылдамдығы сын көтермейді. Әсіресе, шалғай аудандарда интернет қолжетімсіз. Бұл төлемдер мен аударымдар жүргізуді шектеп отыр. Сондай-ақ Индонезия кәсіби хакерлік топтардың кибершабуылдарына жиі ұшырайды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, олардың 60%-тен астамы осы мемлекетке жасалады екен.
Египетке де туристер ағыны жыл сайын артып келеді. Алайда, ел билігі цифрландыруға әзірге ден қойып отырған жоқ. Әсіресе, туристік аймақтарда цифрландыру жағы көңіл көншітпейді. Шалғай аудандарда интернет байланысы тұрақсыз. Сондықтан электрондық төлемдер мен мобильді қосымшаларды қолдану ыңғайсыз. Бұл озық технологияның жетістіктерін пайдаланып үйренген саяхатшылар үшін қолайсыздық тудырады.
Қазір туристердің Гренландияға қызығушылығы артып отыр. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамп аймақты Америкаға қосу туралы мәлімдемесі себеп. Алайда, ел басшылығы саяхатшылардың көп ағынын қабылдауға дайын болмай шықты. Себебі цифрлық технологиялар үшін инфрақұрылым жеткілікті дамымаған. Кей өңірінде интернет баяу жұмыс істесе, енді бір жерлерінде тіпті тұрақсыз. Сондықтан тур брондау, цифрлық төлемдер, мобильді қосымшаларды пайдалану сияқты онлайн қызметтер кенже қалып тұр.
Түркияда туризм саласындағы цифрландыру соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бірақ бұл жағдай Ыстамбұл, Анталия сияқты ірі қалаларда ғана байқалады. Мұнда цифрлық инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Заманауи технологияларды, онлайн қызметтер мен мобильді қосымшаларды кеңінен енгізуде. Туристерге ыңғайлы болуы үшін көптеген қонақ үйлер, мейрамханалар және туристік агенттіктер электронды төлем жүйелерін, онлайн брондау қызметтерін және ақпараттық қызметтерді ұсынып келеді. Бірақ осыған қарамастан, Түркияның кейбір шалғай аймақтары цифрландырудан қалыс қалып отыр.
https://24.kz/kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через