Бангкокта дзюдодан екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге ие болды

Бангкокта дзюдодан екі қазақстандық спортшы қола жүлдеге ие болды
фото: www.instagram.com

       Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Шерзод Давлатов пен Ғалия Тынбаева қола жүлдеге ие болды.

       Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.  Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.

       Ғалия Тынбаева 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.

       Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.

       https://almaty.tv/kz/