
фото: pixabay.com
7 сәуір күні Алматыда дауыл салдарынан ағаштар құлап, кей жерде шатыр ұшты, деп жазды kaz.inform.kz.
Дауылға байланысты Алматының бас ботаникалық бағы 10 сәуірге дейін жабылды.

Фото: Kazinform/Александр Павский
- Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр. Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауды. Нөсер жауын мен қатты дауылдан ондаған ағаш құлап, көшеде тұрған көліктерді де зақымдады. Үйлердің шатыры қирап, құрылыс қоршаулары бұзылған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через