
фото: Сапалы Қазақстан
Жеке куәлік пен төлқұжатты енді онлайн рәсімдеуге болады. Үкімет келер жылдың 1-ші наурызына дейін құжатты халыққа қашықтан беріп, жобаны тексеріп көрмек. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Десе де, бұрын-соңды жеке куәлігі мен төлқұжаты болмаған азаматтар бұл қызметке жүгіне алмайды. Яғни қазақстандықтар құжаттың жарамдылық мерзіміне 30 күн қалғанда немесе 10 күн асып кеткен жағдайда ғана өтініш бере алады.
Ал басқа да жағдайға тап болғандар халыққа қызмет көрсету орталығына барып, сондағы мамандарға жолығуы тиіс. Онлайн қызмет электронды үкімет порталы мен мобильді қосымшада көрсетілмек.
Ал құжатқа қажет суретке ұялы телефонының камерасына түсе ме, қолтаңбасын қалай қояды? Ол жағы әлі пысықталмаған.
Айта кетейік, жаңа жоба әзірге ашық талқыланып жатыр.
Мамандар мұның еш шығынға әкелмейтінін әрі ол азаматқа ыңғайлы болатынын айтты.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через