
фото: pixabay.com
Өткен жылы кене шаққан 1416 адам медициналық ұйымдарға қаралған. Оның 11-нен ішінде Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы анықталды.
- Қауіпті ошақтарда және жұқтыру көзін анықтау үшін эпидемиологиялық, зоопаразитологиялық тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, қоражайлар мен ауылшаруашылық малдарынан барлығы 3 468 кене жиналды. Зерттеу қорытындысы бойынша 16 сынамадан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталды. Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде барлығы 62 918 кене жиналып, зерттеу қорытындысы бойынша 136 сынамадан аталған ауру қоздырғышы анықталды, - деді Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов.
Биыл дезинсекциялық іс-шаралар 124 елді мекенде жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Ал, 26 наурыздан залалсыздандыру жұмыстары басталады. Дегенмен, күн райының өзгеруіне байланысты оның уақыты өзгеруі мүмкін.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через