Тіркелмеген мопедтер 5 сәуірден бастап айып тұрағына қойылады

Тіркелмеген мопедтер 5 сәуірден бастап айып тұрағына қойылады
фото: Алматы қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі

Елдегі ХҚКО орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Екі дөңгелекті көлігін тіркегісі келетіндер көбейгенімен, нөмірлері барлығына жетпейді, деп хабарлады "Сапалы Қазақстан" порталы. 

Жаңа тәртіп бойынша А1, А, және Б санатындағы жүргізуші куәлігі бар азаматтар көлігін техникалық байқаудан өткізіп, заңдастыруға міндетті. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мопедті толық тексерістен өкізу қажет. Егер 5 сәуірге дейін тіркеп үлгермесе көшеде жүруге тыйым салынады.

Қазақстандағы мопедтерге қойылатын жаңа талаптар сыбайлас жемқорлық схемаларына негіз болды, дейді автосарапшылар. Себебі, кейбіреулер мотоцикл мектептеріне барса, басқалары жүйені айналып өту жолдарын іздейді.

 Тіркеуден өтпеген азаматтарды істі кейінге қалдырмай, уақытында рәсімдеуге шақырамыз. Көлік құралын тіркеу заң талабы ғана емес, сонымен қатар сіздің жолдағы қауіпсіздігіңіз, деп мәлімдеді Алматы қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін тіркелген мопедтердің жалпы саны: 4 343
Экстерриториялық принцип бойынша тіркелгендер: 1 742

Кампанияның аяқталуына 8 күн қалды!

Егер көлік иелері үлгермесе, 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.