Қазгидромет Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады

Қазгидромет Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасады
фото: ult.kz.

Қазгидромет Алматы, Шымкент және басқа да бірқатар қаланың тұрғындарына ескерту жасады.

"2025 жылғы 17 наурызда Жезқазған, Балқаш, Өскемен, Шымкент және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

https://kaz.tengrinews.kz/