
фото: Sergek Group
Әлеуметтік желіде науқасқа атпен баруға мәжбүр болған жедел жәрдем қызметкері туралы видео тараған болатын. Бұл оқиға 7 наурызда болған. Жетісу облысы Ақсу ауданы Алажиде ауылының жеке шаруа қожалығынан жедел жәрдем қызметіне шақырту түскен.
Сол күні қар аралас жауын жауып, ауа райы тым қолайсыз болған. Алажиде ауылы жақтағы жеке шаруа қожалығында 43 жастағы әйел сырқаттанып қалады. Негізі ол жаққа жол бар, бірақ жауыннан кейін жол бұзылды", - дейді Жетісу облыстық жедел жәрдем бөлімшесі 5/6 бригадасының фельдшері Саят Мырзанов.
Әлеуметтік желіде кең тарап кеткен бұл бейнежазба мақтаныш немесе өз еңбегін көрсету үшін емес, басшылыққа тек есеп үшін түсірілген. Өйткені шақырту түскен науқасқа жету, жетпеу проблемасы басшылықты да алаңдатқан. Өйткені жолды қалың, әрі еріген қар көлік жүргізгісіз етіп тастаған.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через