Кинодан түсетін табыс кімнің қалтасына кетіп жатыр

Кинодан түсетін табыс кімнің қалтасына кетіп жатыр
фото: Сапалы Қазақстан

Кинотеатрлар үшін жаңа жүйе әзірленді. Оған сай енді кассалық түсімдер бақылауға алынады. Өйткені елдегі кинотеатрлардың жартысына жуығы табысын жасырып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына  сілтеме жасап хабарлайды.  

Былтыр отандық кино саласы рекорд орнатты. Бір жылда билет сатылымынан 22 млрд теңге ақша түскен. Қуантарлығы кинотеатрлардағы ең көп табыс тапқан 20 кинотуындының 70 пайызы отындық фильм.

Соңғы жылдары отандық контентке деген сұраныс артып, кино өндірісі 58 пайызға артты. Дегенмен солардан түскен қаражаттың басым бөлігі кинотеатр иелерінің қалтасында қалуда. Бұл туралы  Үкімет отырысында айтылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бірыңғай киномониторинг жүйесін әзірледі. Бұл жүйе киноиндустриядағы ашықтықты арттыру, елімізде кассалық тізімдерді әділ бөлу міндетін атқарады, дейді Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

Яғни енді кассалық түсімдер бақылауға алынады. Ол үшін «е-Кино» жүйесі іске қосылды. Оған әзірге 104 кинотеатрдан 68-і ғана енген. Қалғаны табысын әшкерелеуге асықпай отыр. Сондай-ақ бұдан былай отандық киноөндірушілерге де талап күшейеді.

Шетелдік және отандық кинокартиналардан түсетін алым шамамен теңесті. Бұл көрермендердің ұлттық контентке деген қызығуышылығының артып келе жатқанын білдіреді. Сондықтан құрылтайда Мемлекет басшысы түсіріліп жатқан фильмдер мен сериалдарға ерекше мән беруді тапсырды. Жобалардың санын көбейтіп, тек пайда көруді мақсат етпей фильмдердің сапасына баса назар аудару керек, деп мәлімдеді Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі.