
фото: pixabay.com
Ұлыстың ұлы күнінде туылып, мерекемен аттас болғандар. Елімізде Наурыз есімі берілген 1500-ге тарта азамат бар, деп жазды ktk.kz .
Бұл есімді әсіресе маңғыстаулықтар көп қояды екен. Осы өңірдің 282 тұрғынының есімі — Наурыз.
Екінші орында Түркістан облысы. Мұнда көктемнің алғашқы айымен аттас 172 адам бар. Қызылорда облысында 165 Наурыз тұрып жатыр. Солтүстік Қазақстан облысында небәрі жеті адамның есімі Наурыз.
Еліміздегі ең жасы үлкен Наурыз 84 жаста екен. Бұл сөзге жұрнақ қосылған есімдер де бар. Мәселен, тұрғындар арасында Наурызбай, Наурызбек, Наурызхан мен Наурызгүлдер жетерлік.
Айта кетсек, елімізде Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді. Ішкі істер министрлігі осындай ерекше статистиканы ұсынды. Ең көп танылғаны - Наурызбай, 55 полицейдің есімі осылай аталады. Тізімді Наурызбек пен Наурыз, Наурызгүл есімдері жалғастырады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через