Кешелі бері БАҚ беттерінде дүркіретіп той өткізген жандар салық төлейді деген ақпарат тарап жатыр. Жаңашылдықтың мән-жайын Мемлекеттік кірістер комитетінен сұраған едік, деп жазды kaz.inform.kz.
— Әңгіме жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кәсіпкерлік қызметпен айналысатындарға қатысты болып отыр. Комитет қызмет түріне қарамастан, жеке тұлғалардың салық төлеу міндетін әкімшілендіру арқылы қадағалайды. Аталған қызмет түрлерімен айналысатын адамдар, яғни іс-шара жүргізушілері, тамадалар, әншілер салық міндеттемелерін басқа азаматтар мен кәсіпкерлер сияқты жалпы негізде орындайды, бұл салық салудың әділдік қағидатына сәйкес, — деген жауап алдық комитеттен.
Осы орайда Кірістер комитеті камералдық бақылау табыс тапқан барлық тұлғаға теңдей жүргізілетінін еске салады.
Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.