
фото: pixabay.com
Соңғы кездері азаматтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың да заңсыз қаржылық операцияларға делдал ретінде қатысуы жиілеп кетті, деп жазды "Сапалы Қазақстан" тілшісі.
Дропперге біле тұрып немесе білмегендіктен көмек көрсеткен адамды қандай жаза күтіп тұр? Қаржылылыұ сауаты жоқ жеткіншектер алаяқтың құрбаны болмас үшін не істеу керек?. Бұл сұрақты сарапшы Бекнұр Қисықовқа қойған едік.
Дроппер дегеніміз кім? Ол арам ниетін қалай жүзеге асырады?
Ол алаяқ пен оның құрбаны арасындағы делдал. Яғни, алаяқтың «көмекшісі» деген сөз. Әдетте, алаяқтар дроппердің «қызметін» өзінің ізін жасыру үшін пайдаланады. Алаяққа дроппердің банктік картасы болса жеткілікті. Тіпті, жоқ болса да жақсы табыс көзін уәде етіп, ашқызады, деп жазды qsauat.kz.
«Дроппер болу дегеніміз - заңсыз қаржылық операцияларға қатысу. Дропперлер алаяқтық нәтижесінде алынған ақшаны қылмыстық әрекетке қатысып жатқанын білмей алып, жіберуі мүмкін немесе оңай жолмен ақша табу үшін біле тұра солай істеуі мүмкін», - деп түсіндірді сарапшы Бекнұр Қисықов.
Келісім бойынша: дроппер карта ашып, электронды ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып береді немесе карта ашып өзінің онлайн-банкіне (банктің мобильді қосымшасындағы аккаунтына) саналы түрде «доступ» беріп қояды. Алаяқ оның сыртынан түрлі операциялар жүргізеді, дроппер шотын пайдалануға бергені үшін одан өз үлесін алады, деп жаздыqsauat.kz. Қазіргі қолданыстағы заң бойынша банк картасын басқа адамға бергені үшін айыппұл қарастырылмаған.
«Егер сіз картаңызға алаяқтық жолмен ақша алсаңыз және оны жіберушінің өтініші бойынша қайтарсаңыз, ниетіңіз дәлелденбесе, қылмыстық жауапкершілікке тартылуыңыз екіталай. Алаяқтыққа кездейсоқ қатысу, мысалы, картаны бұғаттамай жоғалту, сіздің қылмыс туралы білуіңіздің дәлелі болмаса, жауапкершілікке тартылмайсыз. Алайда, егер карта ақылы түрде берілсе және сіз оны заңсыз транзакциялар үшін пайдаланады деп күдіктенсеңіз, бұл серіктестік ретінде қарастырылуы мүмкін», - деп ескертті заңгер.
Сарапшы қаржылық сауаттылық туралы білмегені мен сенімсіздігінен мұндай схемаларға көбірек тартылу қаупі бар балаларды қорғау керектігін алға тартады. Бейтаныс нөмірлерден келетін күдікті ұсыныстарға келіспеу маңызды. Сондай-ақ ақпаратты тексеру және балаларды Интернетте оқыған немесе бейтаныс адамдардан естіген нәрсенің бәріне сенбеуге үйрету, сондай-ақ қаржылық сауаттылық дағдыларын дамыту маңызды.
«Тәуекелдерді азайту үшін балалар карталарын пайдалану сияқты техникалық шараларды білім берумен біріктіру маңызды. Балаларға қаржылық қауіпсіздік негіздерін үйрету, сыни ойлауды дамыту және сенімді қарым-қатынасты сақтау керек. Бұл оларға қауіпті жағдайлардан аулақ болып, дұрыс таңдау жасауға көмектеседі», - деп түйіндеді Б. Қисықов.

Фото: pixabay.com.
Алаяқтарға алданбас үшін не істеу керек?
- бейтаныс адамға банк картасының деректерін немесе банктің мобильді қосымшасына «доступ» бермейміз
- егер бейтаныс адамнан ақша түссе, қате операция туралы банктің өзіне қоңырау шалып ескертеміз
- аса көп тани қоймайтын адамның өтінішімен басқа шотқа ақша аудармаймыз
- жақындарымызға, әсіресе, балаларға/студенттерге дропперлік қызметке қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз
- банк картасын ұстайтын адам (бала болсын, ересек болсын) кез келген банктік операцияға жауапты болатынын естен шығармаймыз, деп жазды , деп жаздыqsauat.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через