
фото: pixabay.com
Алматыда автотұрақ құны көтеріледі. Бағаны жаздан бастап өсіру жоспарланған. Мақсат - қаланың ауасын тазартып, экологияны жақсарту. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қала әкімдігі Алматының ауасын тазарту үшін жоба әзірлеген.
Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі: – Автотұрақ бағасын айтарлықтай көтереміз. Осылайша қалаға кіретін көліктерді ығыстырамыз. Сонымен қатар қалада экологиясы таза аймақ құрамыз. Біз бұған қатысты жоба әзірлеп қойдық. Енді қоғамдық кеңес, мәслихат талқылауына шығарамыз.
Экологиясы таза аймақтарға кіру ақылы болмақ. Мұндай жерге көп түтін шығаратын ескі көлік өтетін болса, оған арнайы тариф бекітілуі мүмкін. Ерболат Досаев мұндай тәжірибе Нью-Йоркте сәтті жүзеге асқанын айтып отыр. Ал, электромобильге тегін жүруге рұқсат беріледі. Әкімдіктің мұндай бастамасын сарапшылар да құптайды. Мәселен, тұрақ бағасының көтерілуі көлік қоятын орынды тезірек табуға мүмкіндік береді дейді олар.
Диас Маратұлы, Urban Forum Kazakhstan сарапшысы: – Дұрыс шешім. Бағаны көтере отырып, мысалы, 100 теңге бағадағы бір көшеде, я мысалы тұрақ толып тұрса, ал кішкене көтере-көтере, кем дегенде бір бос тұрақ болатын жағдайға жететін боламыз. Сол арқылы біз қаладағы көлік рөлін реттей аламыз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через