
фото: pixabay.com
Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында болған оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, оқиға бүгін 11:45–те болған. Ішкі рейстер терминалында ер адам жолаушы ретінде ұшу алдындағы тексеру аймағына барған. Авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ер адамнан құжаттарды көрсетуді сұраған, ал ол әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқытқан.
— 7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ер адам полицияның желілік бөлімінде және бұл оқиғамен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр, — деп хабарлады әуежайдан.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через