Әлемнің қай елінде ет қымбат?

Әлемнің қай елінде ет қымбат?
фото: Сапалы Қазақстан

 Өзбекстан сиыр етінің бағасы бойынша әлемдегі 127 елдің ішінде 91-орында. Бұл туралы ресми Rost24 Тelegram арнасы жазды. 

Numbeo халықаралық сервисінің мәліметінше, биылғы 7 наурыздағы жағдай бойынша Өзбекстанда бір келі сиыр етінің бағасы 8,1 АҚШ доллары болған. Көрші елдердегі бағалар ұқсас. Сиыр еті Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстанда 7 доллардан сәл асады.

Швейцария, Исландия, Оңтүстік Корея, Норвегия және Люксембург сиыр еті ең қымбат бес елдің қатарына кіреді. 

Тізімде көш бастап тұрған Швейцарияда бір келі еттің бағасы – 44,3 АҚШ доллары. Сондай-ақ Исландияда – 38,7, Оңтүстік Кореяда – 28, Норвегияда – 26,8, Люксембургте 23,9 АҚШ доллары.

Ең арзан ет Кения (4,97), Гана (4,78), Нигерия (4,50), Уганда (12) және Пәкістанда (4,04) сатылады.

Фото: САпалы Қазақстан

Айта кетейік, Өзбекстанда ет өнімдері бір жылда 14,4 пайызға қымбаттаған. Осы тауардың тұтыну бағасының индексін Статистика агенттігінің мамандары биылғы ақпан айында тіркеген. Алайда ет түрлерін бөлуде жағдай басқаша: 2024 жылдың ақпан айымен салыстырғанда сүйекті сиыр еті 18,5%-ға, қой еті 19,4%-ға қымбаттады. Құс еті 0,8%-ға төмендеді.

Материал kaz.inform.kz сайтынан алынды.