Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады

Наурыз айында қазақстандықтар неше күн демалады
фото: pixabay.com

Наурыз айында бірнеше мереке демалыс күнге сәйкес келеді, яғни қосымша демалыс беріледі, депхабарлады kaz.inform.kz.

Биыл 8 наурыз -халықаралық әйелдер күні сенбіге келеді. Сондықтан алты күндік жұмыс аптасын есептемегенде, 10 наурыз (дүйсенбі) қосымша демалыс күні болып белгіленген.

Ал Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз аралығында жұма, сенбі және жексенбіге келеді. Сондықтан 24 және 25 наурыз (дүйсенбі және сейсенбі) қосымша демалыс болып саналады және жалпы демалыс бес күнге жалғасады.

Осылайша, аптасына 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар наурыз айында жалпы 13 күн демалады.