
фото: pixabay.com
Әлеуметтік желіде мектеп асханасында тышқан жүргені туралы жазба тараған еді. Бұл оқиға бойынша Ақсу аудандық білім бөлімі жауап берді, деп хабарлайды Kazinform.
Телеграм каналдардың бірінде мектеп асханасында жүрген тышқанды түсіргендердің бейнежазбасы тарады. Бір таңқаларлығы тырс еткен дыбыстан зытып жоғалатын зиянкес адам жақын барып видеоға түсіріп жатса да, қашпайды.
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform
Болған жағдайға байланысты Жетісу облысы, Ақсу аудандық білім бөлімі жауап берді.
- Жоғарыда көрсетілген видео Ақсу ауданы Қаракемер орта мектебінің асханасы екені анықталды. Асхананы пайдалану бойынша 2024-2025 оқу жылына мердігер «Шебер ЖК болып анықталған. 2024 жылы қараша айында мектеп асханасына «Фипрат ALT» ТБ атты препаратпен дератизация жұмыстары жүргізілген. Аудан бойынша білім беру ұйымдарына оқу жылының басында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемологиялық бақылау комитеті Ақсу аудандық санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізілген,- деді Ақсу аудандық білім бөлімі.
Ал аудандық санитариялық- эпидемиялогиялық бақылау басқармасы заң жүзінде жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейтінін мәлімдеді.
- Бейнежазбада көрсетілген фактілер бойынша Ақсу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін «Е-өтініш» порталы арқылы халықтың өмірі мен денсаулығына зиян/қатер келтірудің нақты фактілері көрсетілген бұзушылықтарды көрсете отырып өтініш жолдау қажеттігін хабарлаймыз,- деді Ақсу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Әйгерім Санаққызы.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через