
фото: pixabay.com
Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Данияға қарсы өткізеді, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады.
Кездесу елорда уақытымен 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.
Ел құрамасы бұдан кейін 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через