Енді кредитке бір ғана сөзбен тыйым салуға болады

Енді кредитке бір ғана сөзбен тыйым салуға болады
фото: https://pixabay.com/ru/

Қазақстандықтар алаяқтардан бір ғана сөзбен қорғана алады, деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.

Егер адамда ЭЦҚ болмаса, бірақ ол мобильді азаматтар базасында тіркелген болса, онда дауыстық боттың көмегімен кредит рәсімдеуге оңай тыйым салып, қайтадан оңай қоса алады.

Мұны жасау жолдары:

1414 нөміріне қоңырау шалыңыз – бұл тегін;

сізге ыңғайлы тілді таңдаңыз: қазақ немесе орыс;

"кредитке тыйым салу" тіркесін айтыңыз;

осыдан кейін сіз несиелеуге тыйым сала аласыз, оны алып тастай аласыз немесе қызмет туралы ақпарат ала аласыз;

дыбыстық сигналдан кейін ЖСН енгізіңіз;

Сізге растау үшін енгізілетін коды бар SMS келеді.

Бұл қызмет әсіресе смартфон пайдаланбайтын немесе интернет қолжетімсіз жандар үшін пайдалы.

ҚазАқпарат