
фото: https://pixabay.com/ru/
Алматыда заңсыз сауда нысандарын жаппай сүру жұмыстары басталды, деп хабарлады қала әкімдігі.
"Заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) сүру жұмыстарына мемлекеттік органдар, полиция және депутаттар қатысып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазір Әуезов, Жетісу және Түрксіб аудандарында су мен кәріз жүйесіне қосылмаған, ал электр желілеріне рұқсат құжаттарынсыз қосылған 21 нысан бұзылды.
Алматыда заңды сауда жүргізу үшін СЕСН-ға арналған 142 орын бекітілген. Кәсіпкерлер қызметін Кәсіпкерлік басқармасы арқылы заңдастыра алады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через