Жылан жылы елімізде жаңа жобалар жүзеге асады

Жылан жылы елімізде жаңа жобалар жүзеге асады
фото: pixabay.com

2025 жылы жаңа жобалар жүзеге асады. Көлік министрлігі маңызды инфрақұрылымдық өзгерістердің басталғанын хабарлады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Биыл Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарға жаңа әуежайлар салынады. Қазір бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары қолға алынған.

Фото: pixabay.com.

Ал 2030 жылға дейін елде 4,7 мың шақырым жаңа автожол салынады. Оның 3,7 мың шақырымы бірінші санаттағы жолдар. Ол үшін жалпы көлемі 9 триллион теңгеден астам инвестиция көзделген. Қазір инвесторларды тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Темір жол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. Мысалы биыл 225 жаңа вагон сатып алынады. «Достық - Мойынты» және «Алматы айналма жолы» құрылысы аяқталады. Сондай-ақ «Достық - Бескөл» және «Мойынты - Балқаш» учаскелерінде пойыз қозғалысын ашу жоспарланған.

Фото: pixabay.com.

2025 жылдан іске асырыла бастайтын жобалар:

• Қызылорда – Жезқазған (208 км)

• Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)

• Қарағанды – Жезқазған (572 км)

• Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)

• Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)

• Қызылорда – Сексеуіл (470 км)

• Атырау – Доссор (86 км)

• Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)

• Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)

• Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)

• Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)

• Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)

• Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)

• Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)

• Атырау – Шапай (136 км)

• Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)

• Алматы – Үшқоңыр (48 км)

• Бейнеу – Сексеуіл (736 км)

• Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)