Конфуцийдің өмір жайлы қандай нақыл сөздері бар?

Конфуцийдің өмір жайлы қандай нақыл сөздері бар?
фото: https://massaget.kz

       Қоғам қайраткері Конфуций: "Өмір өте қарапайым, біз оны өзіміз күрделендіреміз", - деген. Ойшылдың пікірінше, әр адамның өмірі өз қолында. Оған дәлел Конфуцийдың келесі пікірі: "Өміріңді өзіңе ыңғайлы етіп сүр, ешкімнің пікіріне құлақ аспа. Елдің үмітін ақтау - маңызды емес, бірақ жалғыз адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Жетістікке өзің жете аласың". 

       Философ кез келген қиындыққа қарамай, мақсатыңа жету үшін тек талпыныс керек деп есептейді. 

       Өмір бойы қараңғылықты қарғап өтуге болады немесе сол қараңғылықты сейілту үшін шам жағып, айналаңды жарықтандыруға болады. 

       Қалай баяу жүргеніңіз маңызды емес, тоқтағанша алға қарай жылжу керек. 

       Конфуций өмірдің мәні - махаббат деп санаған. Ол: "Махаббат - өмірдің әрі басы, әрі аяғы. Махаббатсыз өмір жоқ. Саналы адамның мойындайтыны да - тек махаббат", - деп жазған. Ойшыл өзіңізді алдамауға, мақсатқа апарар жолда тоқтамауға, махаббат жайлы ұмытпауға кеңес берген. 

https://kaz.nur.kz/