"Келешек" бағдарламасы: балалардың оқуына ақшаны қалай жинап, қайда жұмсауға болады

"Келешек" бағдарламасы: балалардың оқуына ақшаны қалай жинап, қайда жұмсауға болады
фото: Сanva.com

       Қазақстанда ата-аналарға балаларының оқуына ақша жинауға көмектесетін "Келешек" бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша ақшаны қалай жинап, қайда жұмсауға болады?

"Келешек" жүйесінің қандай артықшылықтары бар 

Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады 

       Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, 10 қаңтарда президент "Келешек" мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды.

       Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған. 

"Келешек" жүйесінің қандай артықшылықтары бар:

ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу 60 АЕК (235 920 теңге);

 жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу; 

екінші деңгейдегі банктің сыйақысы немесе сақтандыру компаниясының инвестициялық кірісі; 

жыл сайын 5-7 пайыз мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген. 

"Келешек" шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады. 

Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК (айына 4 мың теңге шамасында) және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуге тиіс. 

       Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты қалай пайдалануға болады 

колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады;

білім беру грантын алған жағдайда қаражатты қайда жұмсауға болады; 

басқа техникалық және жоғары білім алуға; жинақтауды жалғастыруға; қаражатты ҚР азаматы болып табылатын үшінші тұлғаға аударуға; тұрғын үй алуға пайдалануға; 

білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.

https://kaz.nur.kz/