фото: pixabay.com
Енді оқушыларға құнарлы тағам беріледі. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Демек, балалар қара бидай ұнынан пісірілген нан, тұздықталған жылқы еті мен сірне жейді және тәтті ретінде жент ұсынылады. Мектеп асханасының жаңа ас мәзірі Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланды.
Жаңа мәзір бойынша балаларға салаттар қияр, қызанақ, тәтті бұрыш, қырыққабаттан дайындалып, ыстық тамақ жылқы, сиыр еті мен балықтан пісірілуге тиіс. Майбұршақ дақылдары мен алма, банан, құрма, ірімшік, жент те беріледі.
Әр аптада мәзір жаңарып тұруы керек. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дәрумендер мен ақуыздардың тәуліктік қажеттігі ескерілуі қажет дейді комитет мамандары.
"Мәзірде көкөніс, жемістерге көп көңіл бөлініп отыр. Яғни, күнделікті балалардың тамақ рационында жеміс-жидектер көкөністердің үлесі салмағы ұлғайып отыр. Сонымен қатар мәзірде сүт және сүт өнімдерін пайдалану, сонымен қатар пробиотикалық сүт қышқылы өнімдерді, йогурт сияқты, ірімшек қосылған", – деді СЭБК басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев.
Ал нутрицологтар жаңа мәзір дұрыс құрыстырылған дейді. Алайда тамақ құнарлы болу керек екен деп майды шектен тыс көп қолдануға болмайтынын айтады.
"Жылқы еті өте жақсы қорытылатын, ақуызы өте сіңімді. Сондықтан да мұндай тағамды бала тұтынатын болса қарны тоқ жүреді. Ақуыз деңгейін толықтырады. Ал ақуыз деңгейі толық баланың иммундық клеткалары дұрыс жұмыс жасайды", – дейді нутрицолог Гүлмира Әліпова.
Комитет мамандарының айтуынша, бұл мәзір ұсыныс ретінде ғана беріліп отыр. Әр өңір аймақтың ерекшеліктерін сақтап, ата-аналардың ұсыныстарын ескеруге тиіс. Ал ата-аналар мектеп асханаларына бақылауды күшетуді сұрайды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через