
фото: depositphotos.com
1 ақпаннан бастап Алматыда сумен жабдықтаудың тарифтері өзгереді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің басшысы Әсел Буденеева айтты.
Сумен жабдықтаудың орташа тарифі бір текше метр үшін 135 теңгені құрайды, су бұруға - 83 теңгеден сәл артық. Халық үшін суға базалық тариф текше метр үшін 91 теңгеге дейін, ал су бұруға - 83 теңгеге дейін өседі.
"Табиғи монополиялар субъектілерінің сараланған тарифтерден алған қосымша табысы тұтыну көлемі бойынша ТКШ саласындағы басым міндеттерге, оның ішінде ресурс үнемдейтін технологияларды енгізуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, приборлауға және басқа да мақсаттарға бағытталатын болады", - деп хабарлады Буденеева.
Алматы әкімдігі әлеуметтік-мұқтаж азаматтар үшін тарифтердің өсуін өтейді. Оларға ардагерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, зейнеткерлер және қолдауды қажет ететін басқа санаттар жатады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының айтуынша, мегаполисте 141 мыңнан астам адам өтемақы алады, көрсетілген көмектің жалпы сомасы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап 5,5 миллиард теңгені құрады.
"0,8 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік қолдау шарасы тұрғын үй тарифтерінің 40 шаршы метрден аспайтын бағасының өсуін толығымен жабады. Айлық есептік көрсеткіштің жыл сайынғы 6,5 пайызға өсуін ескере отырып, ХӘОТ қолдау үшін қолданыстағы әлеуметтік төлем тарифтердің ағымдағы өсуін толығымен жабады", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через