2025 жылға қарай барлық колледждердегі білім тегін болады

2025 жылға қарай барлық колледждердегі білім тегін болады

 

2025 жылға дейін барлық талапкер колледжде тегін оқуға мүмкіндік алады. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшысы Алтай Рахимберлин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл еліміздің кәсіптік-техникалық оқу орындарына 180 мыңнан астам талапкер қабылданды. Оның ішінде 125 мыңнан астам талапкер мемлекеттік гранттарға ие болды. Жалпы, «Білімді ұлт» сапалы білім беру ұлттық жобасы аясында барлық колледжге түсуге ниет білдірушілерді тегін біліммен қамтуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылға дейін талапкерлердің түгелі колледжде тегін оқуға мүмкіндік алады», - деп түсіндірді Алтай Рахимберлин.

Оның айтуынша, академиялық дербестік алған колледждерде оқу мерзімі 3 жыл 10 айдан, 2 жылға дейін қысқарады. Сонымен бірге, кәсіптік-техникалық білі беру ұйымдары жергілікті кәсіпорындармен келісім жасасады. Соның негізінде олар оқуды аяқтағаннан кейін 100 пайыз жұмысқа орналасуға кепілдік алмақ.