фото: https://pixabay.com/ru/
Келер жыл - көптеген өзгерістерге толы жыл. Жаңа жылдың символы мен планеталар сізді салмақты шешім қабылдауға итермелейді.
Астролог Сьюзан Тейлордың болжамы.
2025 жыл - жылан жылы өзгерістер мен даналық жылы болады деп күтілуде. Бұл жылы климаттық өзгерістер, өнеркәсіптік дағдарыс және технологиялық жетістіктер орын алуы мүмкін. Жаңа жылдың символы ақылды және айлакер адамдарға сәттілік әкеледі. Қаржы саласында оң қадамдар болады, ал махаббат пен жеке өмірде рухани байлық пен өзгерістер күтілуде. Денсаулық пен сұлулық саласында жаңару мен өзгерістерге қолайлы кезең. Ескі зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Алдағы он екі ай адамзат үшін ерекше болмақ, ал жеңіс тұғырынан тек ақылды әрі айлакер адамдар көрінбек.
Өткен жылан жылы адамзат тарихындағы ең қолайлы жыл болған
Бұған дейін жылан жылы 2013 жылы болған. The Breakthrough америкалық сараптамалық орталығының хабарлауынша, ол адамзат тарихындағы ең қолайлы жыл болған екен. Сарапшылар мұндай қорытындыға бірнеше факторларға сүйене отырып келген. Мысалы, сол жылы өлім-жітім саны аз болып, әлемде кедейлік деңгейі төмендеген екен. Кедейлік көрсеткіші әсіресе, Үндістан мен Қытайда төмендеген. Сонымен бірге, бұл жылы әлемде соғыс салдарынан адам өлу, қылмыс саны, расизм және сексизм сияқты дискриминация деңгейі де аз болған.
Көріпкелдердің болжамы
2025 жылды атақты көріпкел Ванга климатта ауқымды өзгерістер, өнеркәсіптік дағдарыс, Шолпанды зерттеудегі табыс, дау-жанжал күшейетін әрі технологиялық жетістіктер орын алатын жыл деп болжаған екен. Әйгілі түс жорушы Нострадамус бұл жылды геосаяси жағдай ушығатын, медициналық зерттеулерде табысқа жететін және әлемдік экономика өзгеріске ұшырайтын деп атап кеткен. Мұндай болжамды славян күнтізбесі де жасап отыр. 2025 жыл белсенді, еңбекқор әрі батыл адамдардың жылы болмақ. Сонымен қатар, 2025 жылы адамдар түрлі кикілжіңдердің де куәсі болуы мүмкін. Десе де, бұл жылды көпшілікке жіберген қателіктерді жөндеу жылы деп қабылдаған дұрыс. Қытай жұлдызнамасы бойынша жылан жылы даналық, сұлулық пен кербездіктің, өзгерістің жылы ретінде сипатталады. Ол әсем әрі тәуекелге бел буғыш, оның сараптамалық ойлау қабылеті жоғары және күрделі мәселелерден оңай шыға алатын қасиетке ие. Одан бөлек, құдыретті құдай оның бойына жоғары интуиция мен құпиялылықты берген.
Жыланның табысты реңдері - қызыл мен қара.
Десе де, жыл символы жыланның өз түсі болмақ. Сонымен, 2025 жылдың түсі – жасыл. Ол өсу, даму, жаңа өмір бастау және жаңару жылы болмақ. Көк аспан аясындағы жасыл жапырақ өскіні.
2025 жылы респонденттер адамдардың тәуелсіздігі мен жеке тұлғалық қасиетіне қауіп төндіретін технологиялық компаниялардың дамуынан үрейленеді екен. Адамдар интернеттегі жалған ақпарат пен өтіріктен, үкіметтің авторитарлығынан және жұмыс орындарының қысқаруынан қорқатын көрінеді. Жыландар қаржылық мәселені маңызды деп санамайды. Десе де, мамандар 2025 жылы ақша жылдағы қажеттіліктерге қарағанда көп болатынын айтады.
Жылан асығыс шешім қабылдағанды ұнатпайды әрі әрекет еткеннен гөрі, бақылағанды ұнатады.
Махаббатта да жұлдыз белгілеріне дәл осы қағаидатты ұстанған жөн. Бұл, әсіресе, әйел адамдарға қатысты болмақ. Жаңа жылды жаңа таныстықтар мен махаббат үшін барынша қолайлы ай сәуір болмақ. Ал, өз сүйіктісін кездестірген жандардың ара қатынасы енді жаңа деңгейге өтуі ықтимал. Сол үшін, жұптарға бірлескен жоспар құру керек болса, отбасылы жандарға барлық мәселені бір-бірімен кеңесіп, ақылдаса отырып шешуге тура келеді. 2025 жылдың қараша айында қарым-қатынаста шаршау белгілері болғандықтан, сезім сууы мүмкін. Сондықтан жұптарға бұл кезеңді бірге өткізіп, теңізге, демалысқа баруға кеңес беріледі.
Жылан терісін тастап, жаңаруға бейім келеді.
Сондықтан 2025 жылы ішкі және сыртқы өзгерістерге барынша қолайлы жыл болмақ. Сондықтан денсаулығыңыз бен сұлулығыңыз жақсы болсын десеңіз: зиянды әдеттерден бас тартыңыз: Бұл барлық салаға қатысты болмақ, оның ішінде денсаулыққа зиянды тағамдар да бар; жаңа, салауатты өмір салтын ұстаныңыз, спорт мен дұрыс тамақтануға көңіл бөліңіз.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через