фото: https://pixabay.com/ru/
2024 жылдың қаңтар-қыркүйегінде Астанаға 1 097 413 адам келді, олардың басым бөлігін ішкі туристер құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
2024 жылы туристер Астанаға бұрынғыға қарағанда 12 пайызға көп келді. 1 097 413 адамның 261 964-і немесе 23,9 пайызы – шетелдіктер.
Астанаға ең үлкен туристік ағын жаз айларында тіркелді. Сонымен, маусымда қалаға 757 068 адам келсе, олардың саны шілдеде – 807 219, тамызда – 829 627 адамға жетіп, бұл бір жылдағы ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Астана ірі халықаралық іс-шараларды өткізу алаңына айналды. Биыл елордада "Automechanika Astana 2024", "Eurasian Book Fair", Astana Half Marathon халықаралық көрмелері, әйгілі Дат актері Мадс Миккелсеннің қатысуымен "Comic Con" заманауи гик-мәдениет фестивалі, 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Димаш Құдайбергеннің концерті, "Enactus World Cup 2024" студенттік кәсіпкерлік бойынша Enactus Әлем кубогі, грэпплингтен әлем чемпионаты және т. б. сияқты ірі іс-шаралар өтті.
2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланды. Осы бастамашыл жыл аясында Астана 6 ірі іс-шараны жүзеге асырды:
"Қытайдағы қазақстандық туризм жылының" ашылуы мен жабылуы (2024 ж. 28 наурыз), онда Астана туристік әлеуетті үздік көрсеткені үшін Гран-При және қытай нарығында үздік ілгерілегені үшін марапатқа ие болды;
Қытай туризм академиясының президенті Дай Биннің, MaFengWo маркетингтік компанияларының, С-trip, Қытай туристік қауымдастықтары мен туроператорларының қатысуымен Қазақстан-Қытай бизнес диалогы (2024 ж. 14 қараша) ұйымдастырылды;
Қытайдың 7 қаласынан (2024 ж.13-16 қараша) 25 туристік қоғамдастық өкілдеріне арналған ақпараттық тур, Бейжің қаласында (2024 ж. 18 қазан) роуд-шоу өткізілді және "China International Medical Tourism Beijing" (2024 ж. 21-23 қараша) халықаралық медициналық көрмесіне қатысты, бұл елорданың заманауи туристік орталық ретіндегі имиджін айтарлықтай нығайтты.
2024 жылғы 30 қазанда Visit Astana бренді әлемнің түкпір-түкпірінен туристік саланың 240-тан астам компаниясын біріктіретін Дүниежүзілік туристік альянстың (WTA) ресми мүшесі болғанын атап өткен жөн.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через