Жаңа жылға қауіпсіз ойыншықты қалай таңдауға болады

Жаңа жылға  қауіпсіз ойыншықты қалай таңдауға болады
фото: https://www.istockphoto.com/

https://pixabay.com/ru/ 

       Жаңа жыл қарсаңында көптеген ата-аналар балаларына сыйлық таңдауға кіріседі. Ойыншықтар-балалардың ең сүйікті сыйлықтарының бірі, өйткені олар қуаныш сыйлап, баланың дамуына ықпал етеді. Алайда, сыйлық таңдауда олардың қауіпсіздігіне баса назар аудару қажет. Кеден одағының техниқалық регламентімен КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» бойынша ойыншықтарға қойылатын талаптарға сай болуы керек;

1.Өндіріс материалдары. Ойыншықтарды жасауға қолданылатын материалдар улы заттарды, ауыр металдары, канцарогендерді немесе аллергендерді қамтымауы тиіс. Пластик, ағаш, мата және бояулар балалардың терісіне немесе шырышты қабаттарына зиян келтірмейтіндей қауіпсіз болуы керек.

2.Физикалық қауіпсіздігі. Ойыншықтардың өткір бұрыштары үшкір ұштары немесе кішкентай бөлшектері болмауы тиіс (3 жасқа дейінгі балалар үшін). Құрылымы берік әрі сынуға төзімді болуы қажает, бұл ойын кезінде жарақат алу қаупін азайтады.

3.Таңбалау және нұсқаулық. Қаптамада келесі ақпарат қазақ немесе орыс тілдерінде көрсетілуі керек; жас шектеулері; пайдалану тәсілі; қауіп-қатер туралы ескертулер; өндірушінің атауы және байланыс мәліметтері. Ойыншыққа, әсіресе ұсақ бөлшектері, химиялық эелементтері немесе батереялармен жұмыс істейтін бөліктер болса, пайдалану нұсқаулығы қоса берілуі қажет.

Ойыншық таңдауға арналған кеңестер жас ерекшеліктерін ескеріңіз.   Ойыншық баланың жасына және қабілеттеріне сәйкес болуы керек. Таңбалауын тексеріңіз. Қаптамада ақпараттың қазақ немесе орыс тілдерінде болуы маңызды. Қаптаманы зерттеңіз. Егер ойыншық ұсақ бөлшектерден тұрса, оның жас шектеулері туралы ескертпені қараңыз. Ойыншықты  тексеріңіз.   Матариалдың өткір иісі болмауы тиіс, ал бөлшектер берік бекітілген болуы қажет.

Қортындылай келе, ойыншықтар-балаларға қуаныш сыйлайтын және олардың дамуына ықпал ететін маңызды сыйлықтар. Жаңа жылға сыйлық таңдағанда,оның тартымдылығына ғана емес, КО ТР 008/2011 талаптарына сәйкес қауіпсіз екеніне де назар аударыңыз. Сонда сіздің сыйлықтарыңыз балаңызға қуанышпен қатар қауіпсіздік әкеледі.

 Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы Жансеркеева Нұржанат Тоқтасынқызы.