фото: pixabay.com
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты, деп хабарлады informburo.kz сайты.
Ұлттық банктің мәліметінше, кейінгі бір жылда отандастарымыз баспана алу үшін қаржы ұйымдарынан 6 триллион теңге қарыз алған.
Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға көп.
Ел бойынша Астана қаласының тұрғындары үйді ипотека арқылы алатындардың көшін бастап тұр.
Жаңа пәтер иеленген елордалықтардың банк алдындағы берешегі 2 триллион теңгеге жуықтайды.
Содан кейін Алматы, Шымкент қалалары және Қарағанды, Ақтөбе облыстарының тұрғындары да қарызданып-қауғаланып баспана алып жатыр.
Ал Ұлытау мен Жетісу облысында керісінше үйді несиеге рәсімдейтіндердің үлесі азайған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через