фото: кaz.kz
Инфекциялық ауруханаға жатқызылғандардың дені — балалар мен жүкті келіншектер
Ақтөбе облысында тұмау өршіп тұр. Қазірдің өзінде аталмыш індетпен ауруханаға түсіп жатқан науқас саны екі есеге көбейген. Санитар мамандар вирустың таралуын тоқтату үшін шектеу қоя бастады, деп хабарлайды.
Өңірдегі медициналық мекемелердің барлығында бетперде тағу — міндет. Балабақшаларда таң атпай бүлдіршіндер түгел тексеруден өткізілуге тиіс. Оқушылардың да сабаққа қатысуын санитар мамандар бақылап отыр. Әзірге бекітілген шектеулер осы ғана. Бүгінде салқын тиіп сырқаттандым деген 2000 адамның алпыс үшінен тұмау вирусы табылды. Өкпесі қабынғандар да үш есеге артып отыр. Инфекциялық ауруханаға жатқызылғандардың дені — балалар мен жүкті келіншектер. Жедел респираторлы вирусты індетпен айналдырған бір апта ішінде 12 мыңға жуық ақтөбелік ауырған. Тұмауға қарағанда бұл сырқатты жеңіл дегенмен, асқындырып алса қауіпті дейді дәрігерлер.
«Дереу оқшауланып, жергілікті медициналық ұйымдарға, дәрігерлерге қаралау керек. Үйде жатып емделудің еш пайдасы болмайды. Өйткені тұмау асқынып кетсе, пневмония болып, тұмау асқынады. Пневманияға ұласып кеткен қиын жағдайға түсіруі мүмкін», - деді Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев.
https://kaz.caravan.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через