Теңгенің әлсіздігі экономикалық жағдайымыздың көрсеткіші. Бауыржан Ысқақ

Теңгенің әлсіздігі экономикалық жағдайымыздың көрсеткіші. Бауыржан Ысқақ
фото: Сапалы Қазақстан

Әлемнің озық елдерінің қатарына қосылуды көздеген еліміздің экономикасын  сөз еткенде теңге бағамы тақырыбын айналып өту мүмкін емес. 2010 жылдардан кейін тоқтаусыз құнсыздана бастаған төл ақшамыздың болашағын позитивті тұстан елестету қиын.

 Жыл басында ғана 1 доллар 450 теңге болса, жыл аяғында 530 теңгеге жетті. Сонымен, бағамның құлдырай беруіне не себеп, алдағы уақытта ұлттық валютамыз тағы арзандай ма, әлде осымеден межеде аспай тұрақтай ма? Экономикамызды дамытудың амалдары қандай? «Сапалы Қазақстан» порталының тілшісі осы сұрақтарды белгілі сарапшы, экономист Бауыржан Ысқаққа қойған еді.