фото: https://pixabay.com/ru/
22 көлік төртінші санаттағы емдеу мекемелеріне арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралмен жабдықталған
Жаңа жыл қарсаңында Шымкенттегі емдеу мекемелеріне жаңа жедел жәрдем көліктері берілді.
22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков табыстады. Шаһар басшысы жедел медициналық көмектің сапасын арттыру басты міндет екенін баса айтты.
Бұл жаңа 22 көлік төртінші санаттағы емдеу мекемелеріне арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралмен жабдықталған. Қазіргі таңда қала тұрғындары мен қонақтарына 4 филиал және 10 қосалқы станция жедел медициналық көмек көрсетеді, онда 106 бригада, оның ішінде 28 дәрігер және 78 фельдшер жұмыс істейді.
"Біз төртінші санатты емханаларға арналған 22 жедел жәрдем көлігін алдық. Қалған көліктер медициналық көмекті уақтылы және ыңғайлы түрде көрсетуі үшін стационарлық мекемелер арасында бөлінген. Автомобильдер адамды тасымалдауға арналған құралмен және барлық қажетті жабдықпен жабдықталған", - дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысыНұрлыбек Асылбеков.
Халық санының артуына байланысты қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін жекеменшік амбулаториялық мекемелерде жедел жәрдем бригадаларының санын кеңейту туралы шешім қабылданды. Бұл халыққа көрсетілетін медициналық көмек көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Келесі жылы тағы 25 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарлануда.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через