фото: https://pixabay.com/ru/
Жоғары аудиторлық палата құс шаруашылығына бөлінетін субсидия тиімсіз жұмсалатынын мәлімдеді. Себебі қазақстандықтар өз елімізде шығарылатын құс етін қымбатқа сатып алады. Ал экспортқа тура сол өнім төмен бағамен шығарылады.
Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, өзімізде шығарылатын құс етінің көтерме бағасы ішкі нарықта бір келісі үшін 1 200 теңгені құрайды. Ал бөлшек саудада – 1 400 теңге.
"Дәл сол субсидияланған құс еті көрші елдерге 800-900 теңгеден сатылып жатыр. Біздің ойымызша, егер бұл өнім ішкі нарықта тура сондай бағамен сатылса, тұтынушылардың сұранысы жоғары болады және импорттың үлесі төмендейді", - деді Смайылов мәжілістің жалпы отырысында.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через