фото: https://pixabay.com/ru/
Жалпы құны 17,3 млрд теңге тұратын жобаны "AGRO OIL GROUP" компаниясы жүзеге асырды
Семейде жоғары технологиялық өсімдік майын өндіру зауыты іске қосылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге мүмкіндік береді. Осы көлемнен 50 мың тонна жоғары сапалы өсімдік майы өндіріледі", - деп жазылған хабарламада.
Жаңа өндірістің ашылуы Семей қаласы үшін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды оқиға болып отыр. Бұл өңдеу өнеркәсібінің дамуына, аймақтың экспорттық әлеуетінің артуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Зауытта заманауи жабдықтар орнатылып, өндіріс барысында инновациялық технологиялар қолданылады.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через