фото: https://pixabay.com/ru/
Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов университет қазір қаржылық есеп ұсынбайындықтан бақылаусыз және жасырын қызметке жағдай туғанын айтты.
"Бұл көбінесе тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланылатын қаражат пен активтерді басқаруда елеулі кемшіліктерге әкеледі", — деді ол.
Елдің бас аудиторының айтуынша, университет әлі күнге дейін мемлекеттік бюджетке тәуелді болып келеді, өйткені зерттеулер мен коммерциялық қызметтерден түсетін жеке кірістер жетіспейді.
"Соңғы 2 жылда ғана оқу орнының барлық түсімдерінің 97%-і бюджет қаражатын құрады", - деп атап өтті Смайылов.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық ірі жоғары оқу орындарының бірі ерекше мәртебеге, бұрын-соңды болмаған дербестікке және салықтық жеңілдіктерге ие.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через