Қазақстанда зергерлік бұйымдар рекордтық қарқынмен қымбаттады

Қазақстанда зергерлік бұйымдар рекордтық қарқынмен қымбаттады
фото: https://www.pexels.com/ru-ru/@ushindinamegabe/

       Көршілес Қызылорда облысы да артта қалмай, +13,2% көрсеткішімен 2015 жылдың қазанынан бергі ең жоғары өсімді тіркеді.         

       Қарашада зергерлік бұйымдар мен сағаттардың бағасы ҚР бойынша орта есеппен өткен айға қарағанда 6%-ға өсті. Бұл 2022 жылдың наурызынан бергі байқалған ең үлкен өсім болды.

       Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, жалпы, зергерлік бұйымдар бағасына валюта бағамының күрт өзгеруісі қатты әсер ететін сияқты: 2022 жылдың наурызынан басқа, осындай күрт өсім 2015 жылдың күзінде де болған, бірақ ол кезде өзгерістер айырбас бағамының еркін айналымына өткеннен кейін бір-екі айдан соң тіркелген еді.

       Айта кетерлігі, қымбаттау бұл жолы да, бұрын да, өңірлерде біркелкі жүрмеді. Бұл жолы Түркістан облысы ерекше көзге түсті: мұнда бірден +16,5%. Өңірдің қазіргі шекарасы бойынша алып қарағанда, бұл 2018 жылдан бергі ең үлкен өсім. Ал бұрынғы шекарасы бойынша, яғни ОҚО-ны алсақ, кем дегенде 2011 жылдан бері байқалған ең жоғарғы көрсеткіш. Көршілес Қызылорда облысы да артта қалмай, +13,2% көрсеткішімен 2015 жылдың қазанынан бергі ең жоғары өсімді тіркеді.

       Тауар түрлері бойынша қарағанда алтын неке сақиналарының бағасы едәуір өскен: айдан айға +6,2%. Бұл да 2022 жылдың наурызынан бері байқалған ең үлкен өсім, көбінесе, аталған өңірлердің әсерінен болған.

      https://sn.kz/