фото: https://pixabay.com/ru/users/anvel
Павлодар облысының шекарасында жүк көлігіне АН-2Т ұшағын салып алып, Ресейге заңсыз өткізбек болған адам анықталды.
Анықталғандай, ер адамда ұшақтың құжаттары жоқ болып шықты.
Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ұшақ иесінің оны «Амангелді» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізгісі келгенін хабарлады. Ұшақты жүк көлігіне тиеп алған.
- Ұшақтың салмағы - 3 тонна 600 келі. Ер адам оны аукционнан өзі үшін сатып алған. Бірақ оның арнаулы құжаттары болмаған, - деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаментінен.
Ұшақтың бағасы 1,8 млн рубльді құрайды. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әуе кемесінің иесіне 55 мың теңге айыппұл салынды.
https://nege.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через