фото: pixabay.com
БҰҰ дерегі бойынша, Қазақстан интернет арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бағалайтын онлайн-қызметтер индексінде әлемдегі ең үздік 10 елдің қатарына кірді, деп жазды qazaqstan.tv.
Көш басында Оңтүстік Корея, Дания, Эстония мемлекеттері тұр.
ТМД елдері арасында біздегідей жоғары көрсеткіш ешкімде жоқ. Мысалы, Армения 53-ші, Ресей 56, Өзбекстан 59, Әзірбайжан 67, Қырғызстан 89-шы сатыға тұрақтаған.
Онлайн-қызметтер индексі. 2024:
1. Оңтүстік Корея – 1,0000
2. Дания – 0,9992
3. Эстония - 0,9954
4. Сауд Арабиясы- 0,9900
5. Украина- 0,9854
6. Сингапур - 0,9831
7. Ұлыбритания - 0,9535
8. Жаңа Зеландия - 0,9453
9. Жапония - 0,9427
10. Қазақстан - 0,939053
53. Армения - 0,7922
56. Ресей - 0,7766
59. Өзбекстан - 0,7648
67. Әзербайжан - 0,7386
70. Молдова - 0,7264
89. Қырғызыстан - 0,6072
97. Беларусь - 0,5760
130. Тәжікстан - 0,4476
172. Түрікменстан - 0,2506
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через