Президент шыршасы: жаңа жылдық мерекеге әр өңірден келген 100 бала қатысты

Президент шыршасы: жаңа жылдық мерекеге әр өңірден келген 100 бала қатысты
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/sarahgerritу

        Астанада дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Жаңа жылдық мерекеге еліміздің барлық өңірінен оқуда озат, спортта, шығармашылықта жетістіктерге жеткен 100 бала қатысты. 

       Түрлі-түсті ойыншықтармен безендірілген шырша, әртүрлі ертегі кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Оқушыларға Елорданың әсем жерлері мен мұражайларына экскурсия ұйымдастырылып, театр мен кинотеатрға барды. Оқу-ағарту министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан әр балаға сыйлық үлестіріп, жаңа жылдық құттықтау хатын табыстады.

"Президенттік шырша еліміздің барлық өңірінде өтті. Жалпы 4 мыңнан аса бала қатысты. Балаларға Президенттің атынан құттықтау хат және сыйлық табысталды. Сыйлыққа планшеттер, ұялы телефондар және балаларға арналған кітаптар сыйға тартылып отыр. ойыншықтар және тәттілер берілді", – деді ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

       Елордада өткен Президент шыршасына әр өңірден бес баланы облыстық комиссия ережеге сәйкес таңдап ұсынған. Соның бірі Ақтөбеден келген 7 сынып оқушысы Жасна Орақбай жаңа жылдық шараға ерекше дайындалған. Ол өзі жақсы көретін ертегінің кейіпкері Қар Ханшайымының образын таңдаған. Оқушының көйлегін тігуге мектеп директоры мен ұстаздар, ата-аналар атсалысыпты.

       https://almaty.tv/kz/