фото: https://pixabay.com/ru/
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында елден 13 мыңға жуық азамат көшіп кеткен. Оның 10 мыңдайы ТМД елдеріне, қалғаны алыс шетелдерге қоныс аударған.
Ең ауыр тиетіні – бұлардың 70 пайызы еңбекке қабілетті жастағы, ал төрттен бірі жоғары білімді мамандар. Басым бөлігі техникалық сала өкілдері және экономистер мен педагогтар көш бастап тұр. Медицина қызметкерлері мен заңгерлер, сәулетшілер де көп. Одан бөлек, алқаптағы ауыр жұмыс пен зауыт-фабрикалардағы төменгі қызметтерге жалданып, жағдайын жасағысы келіп жүргендер де көбейіп бара жатқанын көріп жүрміз. Кәрі-жасына, біліміне, басқасына қарамай, бәрі өзге елден береке іздеуге көшкендей. @atamekenbusiness
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через