фото: https://ddn24.ru
Болат Қанафин алғашқы электронды домбырасын 1989 жылы жасап шығарды
Петропавл тұрғыны қазақтың қара домбырасын түрлендіріп, электронды нұсқасын жасап шығарды.
Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық аспапты "меди-домбыра синтезаторға" айналдырды.
Болат Қанафин алғашқы электронды домбырасын 1989 жылы жасап шығарды. Өнертапқыш қазақтың ұлттық аспабын түрлендіріп, заманауи үлгіге айналдырды.
Дыбыс электроникалық генератор арқылы синтезделіп, скрипка, гитара, фортепиано, мандолина, кларнет, клавесин аспаптарының ырғағын шығарады. Оны компьютерге қосып, музыка басуға да болады.
"Мойнының жіңішкелігі өте жедел ырғақпен шертуге мүмкіндік береді және электроника арқылы жетілдірілген. Соқпалы аспап эффекісі бар. Сонымен қатар неше түрлі аспаптардың дауысын шығаруға болады", - дейді қала тұрғыны Болат Қанафин.
Қазір музыканттың қолында меди-домбыра сентизатордың 3 түрі бар. Өнертапқыш өзінің шығармашылық идеясын Қазақстанда патенттеп алған. Енді төртіншісі аспабын жасауға кірісті. Оның пернелері сенсорлы болады.
Болат Қанафиннің басты мақсаты – домбыраны халықаралық деңгейде патенттеп, қазақтың өнерін әлемге паш ету. Әзірге бұл ойын іске асыру үшін инвестор іздеп жүр.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через